Академик Төрегелді Шарманов өмірден озды

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, гигиенист-нутрициолог ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден озды.Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі.Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму механизімін ашты.Төрегелді Шармановтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі зор.Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған "Бөбек", "Аруана", "Антихолестерин" тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина - санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.Оның жетекшілігімен 56 докторлық және 170 кандидатттық диссертациялар қорғалды. "Қазан революциясы", "Халықтар достығы", "Парасат" ордендерімен марапатталған. ДДҰ-ның Л.Бернард атындағы сыйлығын (2005) және "Қазақстан Республикасында тағам туралы ғылымның іргелі де қолданбалы аспектілерін дайындау" еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығынның иегері және "Ғылым" номинациясындағы "Платина Тарланы" тәуелсіз сыйлығының иегері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртке оранды
"Жағдайымды жасап алдым": Әнші Жеңіс Ысқақова рэкеттермен достығы жөнінде бар шындықты айтты
"3 жыл үйімде тұрып, айтып отырған әңгімеңді естіп, ұялып отырмын". Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірді
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Қарумен қашқан сарбаз 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Шілдеден бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі
Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мың адам жарақат алды
"Сақ болыңыздар!" Атыраулықтарға маңызды ескерту жасалды
Алып қашудың құрбаны күйеуінен 10 жылдан аса уақыт бойы қорлық көрген
Павлодарда көпір жанында жас жігіт суға батып кетті
Астанада жатақханада шыққан өрттен бір адам зардап шекті
Павлодарда төрт адам құймақтан уланған
Тісін емдеп жатқан дәрігердің қолын тістеп алған: баланың тыныс алу жолына ине түсіп кеткен
АШМ Ақтөбедегі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысты
"Масқара болдық". "Меломен" тобының әншісі бұрынғы әйеліне қатысты оқиғада өз нұсқасын айтты
Таразда көлік қазылған жолға түсіп кетті
Астанада жатақхана өртеніп, бір адам уланып қалды
"Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртке оранды
"Махаббатта жолы болмағандар 14 тамызда осы жерге жиналады". Атыраудағы ерекше жердің құпиясы айтылды
"Бұл жолы мәңгіге". 43 жастағы Дильназ Ахмадиева сүйіктісімен айырылысты
Желіде қызға қатыгездікпен шабуыл жасалғаны көрінетін жантүршігерлік видео тарап кетті
Төреғали Төреәлінің әйелі күтпеген жаңалығын бөлісті
«Бетіңнен былш еткізіп сүйе салады»: әнші Жеңіс Ысқақова тойдағы жағдай туралы айтты
Министрлік утильалымға қатысты петицияның талқылау барысынан видео жариялады