Ақбұлақ арнасына тазалық жұмыстары жүргізілді

Елордада "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда. "Мөлдір бұлақ" апталығы аясында су айдындары, өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылды. Индустриалды парк кәсіпорыны Астана қалалық инвестициялар және даму басқармасымен бірлесіп, Ақбұлақ арнасын қоқыстан тазартты. Ақбұлақ – елорда тұрғындары демалатын және спортпен шұғылданатын көрнекі орындардың бірі. Арнаның айналасына кәсіпкерлер мен жастар жиналып тазалық жұмыстарын жүргізді. Асылбек ЖАБАГИН, КӘСІПКЕР: Міне бүгін қарап отырмын, 300-дей адам келіп, қол ұшын беріп жатыр, қоқыстарды тазалап жатыр. Осындай сенбіліктерді ұйымдастырып жатыр. 3-4 рет болды осы айда, қар кеткелі, тазалықты осылай істеп жатыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, мұндай экоакциялар тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл келешек ұрпаққа да табиғат ананы ластамауды үйретеді деп сенеді. Қатысушылар санаулы сағатта өзеннің айналасын реттеп, бірнеше қап қоқыс жинап, тазалыққа үлес қосты. Асыл РЫСПАЕВ, КӘСІПКЕР: Кеңесе келе дәл осы орынды таңдадық. Туыстарымызбен серуен құратын су арнасының айналасы таза болғанын қалаймыз. Бүгінгі экоакцияға түрлі кәсіпорындардағы әріптестерім қатысып жатыр және таңертеңнен бастап біз Ақбұлақ арнасының аумағын қоқыстан тазалап жатырмыз. Экоакция басталғаннан бері кәсіпкерлік нысандардың 5 мыңнан астам өкілі жеке мекемелер мен аулаларға және өз объектілеріне іргелес аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Евгений ТАРГОНИЙ, ИНЖЕНЕР: Алдымен, таза қала - бұл ұлттың денсаулығы. Ақбұлақ өзенінің аты айтып тұрғандай, әріптестермен және тұрғындармен бірлесіп, тазалықты қолға алуға келдік. Тек бұл өзенмен шектеліп қалмаймыз деген ойдамын. Бұдан кейін де экоакцияларға қатысамыз. Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы ұшақ апат: 6 адам ғана тірі қалған
Жұмағұлов Еуропаны мойындатты
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған