Жаным баклажаным лақапатымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева төрт баласымен филиппиндік азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол әлеуметтік желіде отбасылық бақытты сәттерінің видеолары мен суреттерін жариялап отырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның сөзінше, жұбайын кездестіргелі Аллаға деген махаббаты еселеп артқан."Майкты кездестіргелі Аллаға деген махаббатым қаттырақ болғандай, шүкіршілік арқасында. Пока мен балаларды бір-бірден тістерін, көтендерін жуамын, әкелері ойнатады. Жай ғана осы тікелей эфир сақталынып тұрсын. Балаларым өскенде көрсетемін", - деп жазды ол.Блогер жариялаған видеода жұбайы мен балаларының бірге кітап оқып отырғаны көрінеді.Желі қолданушылары жылы көрініске жақсы лебіздерін жазған:Қазақтың ер азаматтары да баламен осылай айналысса ғой, біраз өзгеріс болатын еді Қазақстанда;Керемет, қазір туған әкеден бұлай жылулық көрмей жүрген балалар бар;Сенде мүмкіндік болды, сен балаларыңа жақсы әке таңдадың, жарайсың;Көз тимесін, балаларыңмен бақытты ғұмыр кешіңдер;Жандарым балапандар, қайда жүрсеңдер де аман болыңдар. Алла бақтарыңды ашсын;Керемет, осындай әкелер көп болсын.