Декреттік демалыстан кейін сахнаға шығуға дайындалып жүрген Ақерке Бүркітбай артық салмақпен алысып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ақерке Бүркітбай соңғы кездері өзін мазалап жүрген оймен бөлісті. Артық салмақ Ақерке үшін өзекті мәселеге айналған.“Емізетін аналарға сұрағым бар. Не істейміз? Қалай арықтаймыз? Таңертең тұра сала қарным ашып, тамақ ішкім келіп, бір қойды өзім жейтіндей болып оянамын. Енді отырысым мынау, қара нан мен қаймақ жеп. Осыдан кейін қалай арықтауға болады, миыма сыймайды. Тәбетіміз ашылып тұрса қалай өз-өзімізді қолға аламыз”, – дейді Ақерке арықтаудың амалын таппай жүргенін айтып. Оның айтуынша, босанғаннан кейін салмақ тастау қиын соғып жүр. “Мен босанған кезде 80 келі болғанымын. Кейін үйге келіп, балам 2-3 айға толғанда салмағым 68 келіге дейін түсті. Қазір сол салмақпен жүрмін. Негізі мен 55-57 келі салмақпен өзімді жайлы сезінемін. 10-13 келіні қалай тастаймын? Бірден арылу мүмкін емес. Бірақ жарты жылдың ішінде артық салмақты тастау керек. 13 келі дегенді ойласам өте көп сияқты көрінеді. Ештеңе зауқым болмай, көңіл күйім түсіп кетеді. Бірақ қалай да өзімді қолға алуым керек. Бала емізетін болғандықтан оған да сүт керек. Таңертең тұрғанда тамақ ішкім келіп, дірілдеп кетемін”, – дейді өнер иесі. Бұған дейін Ақерке Бүркітбай декреттік демалыстан кейін сахнаға қайта оралғалы жатқаны жайлы жазған болатынбыз.