Адвокат танымал әнші Бейбіт Қорғанның ісі сотқа жолданғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.Адвокат Тілеужан Кішкенебаев жалғызбасты ананың ісіне көмектесті. Ол Бейбіт Қорғанның баланы мойындамай отырғанын айтты. "Бағдарламадан кейін қызбен сөйлестік. Жан-жақты қарадық. Ол баланың Бейбіт Қорғаннан екенін айтты. Сол үшін біз сотқа беруге ұйғардық. Себебі әнші тегін бермей жүрген. Сотқа беруге мәжбүр болдық сол үшін. Әнші талапты мойындаған жоқ. Келіскен жоқ. "Әкесі емеспін" деді. Сол үшін сараптама тағайындалды. Қорытындыны күтіп отырмыз",- деді адвокат.