Ақмола облысында көлік басқарған 13 жасар жасөспірім жол апатын жасап, екі адам ауруханаға жеткізілді.Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Зеренді ауданы аумағында «Көкшетау-Омбы» автожолының 24 шақырымында болған. Анықталғандай, «Volkswagen Passat» автокөлігінің руліне отырған Қызылтан ауылының 13 жастағы тұрғыны жолдың бұрылар тұсында Көкшетау қаласынан Аймақ ауылы бағытында жүріп келе жатқан «Lada Priora» жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, жасөспірім «тобық тұсының соқысы, ми шайқалу» диганозымен ауруханаға жетікізлді. Сонымен бірге, оң қолынан соққы алған «Lada Priora» көлігінің жүргізушісі де дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жасөспірімнің қасында 44 жастағы әкесі бірге болған. - Осы оқиғаға байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабы (құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді ведомстводан. Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қаза тапқанын жазған едік.