Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың кенже ұлы Ханмен сөйлескен сәтінен видео бөлісіп, көпшілікті тәнті етті. Айтуынша, кенжесі әкесін бәрінен де қатты сағынады екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Гүлзира Айдарбекова күйеуі екеуі балалары мен немерелеріне видео қоңырау шалып, қал сұрасып жатқан сәтін бөлісті. Олар Instagram желісінде отбасылық видеоны жариялап, халық назарына ұсынған. Бейнежазбада ерлі-зайыптының алдымен Қытайға ұшып кеткен жас жұбайлар Заңғар мен Индираға хабарласқанын көруге болады. Одан кейін Айдарбековтер немересі Ханға қоңырау шалған. Видеода атасы оны ерекше еркелетіп жатқаны көрініс тапты. "Өте ақылды осы құлыншағымыз. Әкесінен аумай қалғаным сол. Құлынымның құлыншағы. Әкесінің жанынан шықпай жүр өзі. Кішкентай ғой. Әкесін қатты сағынатын осы", - деп жазды Айдарбекова.