Ақкенттегі өрттен бір адам қаза тапты, екі қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласындағы Ақкент тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарынан бір адам қаза тауып, 40-тан аса адам жарақат алды. Тілсіз жау көпқабатты үйдің лифт шахтасынан шығып, қара түтін барлық қабатты басты. Жоғарғы қабаттардың тұрғындары терезеден секіре бастаса, кейбірі көрішілерін құтқарды. Тілеужан АХМЕТХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Көршілерімді бірінші ескертейін деп жүгіріп шықтым, бірақ 8 этажға жеткен кезде түтін қатты болды. Балконның өзінде ауа жұта алмай қалдым. Үстімдегі футболканы шешіп, орап, қайта қайта дем алып шықтым 16-ға. Бастапқыда біз қызды алып шыққанбын, сол кезде кіре алмай тұрған жерімде қапқара түтін болып тұрды. Бір уақытта ар жақтан шыңғырған естілген кезде қалай кіріп кеткенімді білмедім. Бар ойым адамдар аман қалса екен деген болды.16 қабатты үйден шыққан тілсіз жауға байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды. Өрт қауіпсіздігін сақтамау және өрттен бір адамның қаза болуы. Төтеншеліктердің кептеліске қарамастан 6 минутта жеткен.Айдар СҚАБАЕВ, “ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ" ММ БАСТЫҒЫ:Үйдегі орналасқан автотұрақпен көтеріліп, 5 этажға көтеріліп жатқан кезде 20 секунд бір 10 секунд арасында балконнан секірген азаматтар 20 секундтқа үлгергенімізде іштен алып шығуға болатын еді. Ол жерде өрт сөндіру жетекшісіне көп азаматтар бір шетінен көмектескен бір шетінен кедергі білдірді. Адамдардың барлығы жүгіріп менің адамымды құтқар, үйімді құтқар деп жұлмалаған.Қазіргі таңда екі ересек адам мен 1 бала жан сақтау бөлімінде жатыр. 35 жастағы әйел және 19 жастағы қыз түрлі жарақаттар алып, улаған. Жеткіншектің жағдайы тұрақты. 31 жастағы жоғарғы қабаттан секіріп кеткен әйел ауруханада жан тапсырды.Ләйлә ИМАНҒАЛИЕВА, АЛМАТЫ Қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:49 адам зардап шекті, оның ішінде стационарлық ем қазіргі таңда 2 ересек адамға нөмірі 7 қалалық клиникасында ем алып жатыр. 15 бала оның ішінде 9 бала балардың шұғыл жәрдем медициналық ор алығында ем алып жатыр, нөмірі 2 қалалық клиникалық ауруханасында 6 бала еп алып жатыр. Қалғандары стационарлық ем алудан бас тартты.Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаға байланысты сараптама тағайындалған. Эвакуацияланған 250-ден астам адамның дені туыстарының үйлеріне кеткен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді