Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғыны өзін құлдықтан құтқаруды өтініп, әлеуметтік желіде көмек сұрады.Жәбірленушінің айтуынша, ол 1,5 жыл Қорғалжын ауданында тұрып, одан кейін Степногорск қаласына кетіп, жылқы үйреткен.Алайда, бұрынғы жұмыс беруші шаруа иесі оны тауып алып, соққыға жығып, Қорғалжын ауданында қол-аяғын байлап ұстаған.Ол жерден қашып шыққан азамат тәртіп сақшыларына арызданған.Қазір полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.