Әкім және әкім орынбасарларына мемлекеттік тілді білу міндеттелді

Қазақстанда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов айтты.«Осы немесе келесі айда Үкімет «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітеді. Онда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу енгізіледі. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылықтар болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тіл білу міндетелді», - деді Ербол Тілешов ҚР Президенті Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулық негізі» атты дөңгелек үстелде. Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамада мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу, мемлекеттік тілде заң қабылдау, аударма сапасы мәселелері қарастырылған. «Әсіресе құжаттардың түпнұсқада мемлекеттік тілде дайындалуы маңызды. Мұнда қазақ тілі әлі күнге дейін аударма тілі болып қалуда, бұл шындық. Қазір 30 жылда үлкен мамандар легі қалыптасты, сондықтан талап қозғау керек деп ойлаймын», - деді Ербол Тілешов. Айта кетейік, елдегі орыстілді оқушылар 9 және 11-сыныптан кейін қазақ тілінен сынақ тапсырып, сертификат алады. Оған қоса, алғаш рет қазақ тілі сөздерінің лексикалық-грамматикалық минимумдары бекітіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Астана тұрғыны жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы туралы айтты
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
«Бақытты болуға лайықты»: әнші Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты
Жітіқарадағы өртте бес баласынан айырылған әйел адам 5 жылға сотталып кетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Жануарға еліктеуге, төрт аяқтап жүруге шариғат тыйым салады - ҚМДБ
Елордада ересектердің қарауынсыз қалған үш бала құтқарылды
Қайрат Нұртастың інілері аяқ-қолын сындырып, гипспен жүргені туралы видео тарады
Алматыда қоғамдық орындарда 24 дербес кітапханалар орнатылды
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді