Айтыскер ақын әрі депутат Аманжол Әлтаев "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында қонақ болып, әйелі көз жұмған соң, ешкімге үйленбегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ақынның балалары да, қайын жұрты да оның үйленуіне қарсы емес."Менің өз отбасым бар, Алтынай мен Ақжолтайдың да өз отбасы болады, бұйырса. Папам жалғыз қалмаса деген тілегім бар", - деді ақынның үлкен қызы Шахзада.Аманжол Әлтаевтың қайын атасы мен енесі де оның қайта үйленуіне рұқсатын берген. Бірақ айтыскер ақын әлі күнге дейін өзінің жары сияқты адамның кездеспегенін айтты."Әркімнің өз тағдыры болады. Біз секілді өнер адамының халық алдындағы өмірі мен жеке тағдыры бар. Дәл Ақмаралдай адамды кездестірмедім. Ондай табу қиын шығар. Тура Ақмарал қайталанып, менің алдыма келмейтін шығар. Бұл - менің жеке өмірім. Айналамнан, балаларым, ата-енем тарапынан қарсылық көріп отырғам жоқ. Жеке тағдырым болған соң, шешім өзімде болсын", - деді Әлтаев.Айта кетелік, Аманжол Әлтаевтың жұбайы Ақмарал кішкентай қызымен бірге жол апатына түсіп, 2007 жылы қайтыс болған. Бүгінде ақын екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.