Әкімдер аймақтық жастар кадр резервіне іріктеудің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуі керек – ҚР Президенті

Мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, сана-сезімі терең, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумында айтты.– Президенттік жастар кадр резерві дәл осындай талапты жастарға бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде резервте 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Осы орайда мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Жайылғанова кезінде осы бастаманы жүзеге асыруға мол үлес қосқанын атап өткім келеді. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы жуырда аймақтық жастар кадр резервіне іріктеу басталатынын мәлімдеді. Әкімдер оның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар кадрлық резервті жасақтау барысында әр облыстың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескеру маңызды. Президент мемлекеттік қызметшілерге тән жаңа мәдениет қалыптастыру, құндылықтарды өзгерту мәселесіне айрықша тоқталды. Оның айтуынша, барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда заң мен тәртіп үстемдігі болуға тиіс. – Заң мен тәртіп орнамаса, қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда елімізді сақтап қалу қиын болады. Мұны бәрі түсінгені жөн. Тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, жалпы қоғам заңға бағынуға тиіс. Бұл демократия шектеледі деген сөз емес, керісінше, еліміздің егемендігін нығайтып, демократияны дамыта түседі, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, билік өкілдері әрдайым халықпен бірге, яғни азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген мәселені уақытылы шешіп отыру – негізгі міндет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» дәл осындай құндылықтар орнығуы керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді