Әкімдік Кегендегі апатқа қатысты түсініктеме берді

Оқыс оқиға кеше «Қайыңды-Саты» таулы автожолы бойында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өкінішке қарай жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы қаза болған. Биылғы жылдың 5 қазан күні Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағындағы «Қайыңды-Саты» таулы автожолы бойында 9 км қашықтықта 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалысқа шығып кеткен. Салдарынан 1997 жылы туған О. есімді азамат басқарып келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданының ББ-да тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта. Ведомство жол апатынан 34 адамның зардап шеккенін нақтылады. Зардап шеккен барлық 34 адамға алгоритм бойынша толық көлемде жедел медициналық көмек көрсетілді. Барлығы Жалаңаш ауылының ІАҚ-на жеткізілді. Зардап шеккендер - 20 әйел мен 14 ер адам. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы (28 қызметкер және 14 санитарлық автокөлік бірлігі) жіберілген. Зардап шеккендердің барлығы Шелек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір Кеген аудандық ауруханасында - 1, Шелек ауылының аудандық ауруханасына - 2, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына - 9 науқас ем қабылдауда, жағдайлары орташа ауырлықта, - делінген хабарламада. Қазір осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істі тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды. Бұл мәселе Алматы облысы әкімінің бақылауында, - деп түйіндеді ведомство өкілі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды
Маңғыстаулықтар Азия чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовті салтанатпен қарсы алды