"Әкімдіктер ӘКК-ні Жер кодексін бұзу үшін пайдалануда", – «Жер аманаты» комиссиясы

Әкімдіктер Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын Жер кодексін бұзу үшін пайдалануда. «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясының өкілдері осылай дейді.  Мәселен, Шымкенттегі «Кең баба» саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Партиялықтар рейд кезінде анықтағанындай, іргесі сонау 1901 жылы қаланған демалыс орны бүгінде ойын-сауық бизнесі кеңістігіне айналып кеткен. Яғни, ондағы 3,5 гектардың 2,6 гектары заң бұза отырып пайдаланылуда. Сот шешіміне сәйкес, жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Бақытжан Базарбек алда апелляция кезеңі күтіп тұрғанын айтты. Бұдан бөлек, мегаполисте салынып жатқан «Ұлы дала» тұрғын үй кешені де Жер кодексінің нормаларын бұза отырып салынуда деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек. Аманаттықтардың айтуынша, құрылыс компаниясы дәл осы жер учаскесін ешқандай аукционға және конкурсқа қатыспай алыпты. «Жер аманаты» комиссиясы 2022 жылы қалалық әкімдіктің қаулысымен 2,2 гектар жер учаскесі «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға 5 жылға уақытша жер пайдалануға берілгенін анықтады. Бұдан соң Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аталған учаскені әкімдіктен инвестициялық жоба ретінде сатып алып, кейін жеке құрылыс компаниясына қайта сатыпты. Сот шешімімен бұл аумақ мемлекетке қайтарылған. Алайда жергілікті билік тарапынан заңсыздықтарға жол берілген деп санайды комиссия өкілі. Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Құрылыс компаниясы жұмысын тоқтататын түрі жоқ. Қайта құрылыс объектісін күшейтіп жатыр. Мына объектілердің квартираларының бәрін сатып жатыр. Және өкінішке орай соттың шешімінің құрылыс компаниясы ешқандай мәні болмай тұр. Бұл мәселені мен Парламент мәжілісінің жалпы жиналысында наурыз айында көтерген болатынмын. Себебі соттың шешімі орындалмай жатыр. Оны уәкілетті органдар, Әділет департаменті, әкімдік орындатқызу керек. Бірақ өкінішке орай соттың шешімін орындатқызуға ешкімнің қауқары болмай тұр. Бұл деген жергілікті биліктің әлсіздігін көрсетеді. Нұрлан ӘБДІРАЗАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекетке қайтқан жердің өзіне жүргізу, тоқтату ГАСК деген құзырлы мекемеміз бар сол жағынан жұмыс жүргізілуі керектұғын. Сол жағынан жұмыс жүргізілсе, әрі қарай заңға сәйкес істелінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
«Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті
Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шығады
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары аяқталуға жақын
"Жүректер жыламасын". Төреғали Төреәлі оқырмандарын ойландырып қойды
Cемейде ер адам сүйіктісін көлікпен басып өлтірді
Шілдеден бастап интернет тарифтері қымбаттайды
«Елімізге Ресей аумағынан су келіп жатыр» – министрлік
«Күйеуі бір апта іздеу жарияламаған»: Оралда 3 баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті
Астанадағы ерекше локация қауіпті болғаны үшін жабылды
Қазақстанның 17 өңірінде найзағай ойнап, екпіні күшті жел соғады
"Саламатты Қазақстан" пойызы Маңғыстау облысының тұрғындарын қабылдауда
Атырауда құтқарушылар ауыл тұрғындарын тәулік бойы қайықпен тасымалдап жатыр
Атырауда құтқарушылар тұрғындарды тәулік бойы қайықпен тасымалдап жатыр
Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмектеседі
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Иран Президенті тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан кімдер көз жұмғаны белгілі болды
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар баспаналы болды
"Балалардан ұят болды-ау". Өмірқұл Айниязов сүйінші жаңалығын бөлісті
Алматы метросы техникалық ақауға байланысты уақытша тоқтатылды
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты
Астанада халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдерімен кездесу өтті