"Әкімдіктер жолдың сапасына сараптама жасай алмай отыр", - Үкімет басшысы

Елімізде жол сапасы сын көтермейді. Жыл басынан бері 19 мың шағым түскен. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Тіпті жергілікті әкімдіктер сапаға сараптама жасамайды. Үкімет басшысы осылай деді.Биыл республика бойынша 10 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Оған бюджеттен қыруар қаражат бөлінді. Алайда, 856 шақырым жолдың ғана жұмыс толық аяқталған. 3600 шақырымы әлі бітпеген. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: Биыл 16 ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның үшеуінде жұмыстар толығымен аяқталды, олар – Үлкен Алматы айналма жолы, Қандағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары. Биыл халықтың шағымын ескере оытрып, барлық күш 4-5 жыл бұрын басталып, құрылысы ұзаққа созылған 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталған. 4 мың шақырымнан астам жергілікті жолдар жөнделуде. Оған жұмсалып жатқан қаржының 80 пайызы республикалық бюджетке тиесілі. Аймақтардың үлесі өте аз. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Әкімдіктер жергілікті жолдардың сапасына сараптама жасау жұмыстарын да дұрыс жүргізе алмай отыр. Кейбір өңірлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау тарапынан бақылаусыз жүргізеді Ақылы жолдар 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай 11 мың шақырымға артады. Тарифі жыл сайын өсуде. Бірақ сапасына көпшіліктің көңілі толмайды. Нұржан ЖҰҚАБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біз жұмыс істеп жатырмыз. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Бізде тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы бар. Бүгінгі таңда 370 мың өтініш қаралды. Жауапты ведомствоның айтуынша, жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге керек. Республикалық бюджетке салмақ салмас үшін келесі жылы қосымша 1 200 шақырымға ақылы жүйе енгізу жоспарлануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Иә дедім»: Әнші Ayree қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
Ақмолалықтан трамадол тәркіленді: ер адамға сот үкімі шықты
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды