"Әкімдіктерде ықылас жоқ" – Олжас Бектенов

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 53 пайызға өсті. Десе де, кейбір өңірлерде инвестиция тарту деңгейі керісінше төмендеп кеткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.«Жалпы, еліміздің туристік саласына тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай арта түскені байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 53 пайызға өсті. Десе де, кейбір өңірлерде инвестиция тарту деңгейі керісінше төмендеп кеткенін көріп отырмыз. Олардың қатарында Атырау, Қарағанды, Жетісу, Павлодар, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарын атап өтуге болады. Бұл өңірлер тарихи-мәдени мұраларға бай әрі көрікті жерлер де көп. Демек, әкімдіктерде бұл бағыттағы жұмысқа тиісті ықылас жоқ деген сөз», - деді Үкімет басшысы. Осы орайда Олжас Бектенов Мемлекет басшысы инфрақұрылымды кешенді түрде дамытып, сервис сапасын түбегейлі жақсартуды тапсырғанын еске салды. «Өйткені дәл осы проблемалар туризмнің дамуына тұсау болып отыр. Елімізде көздің жауын алатын көрікті жерлер көп. Бірақ оларға жетудің өзі бір мұң. Әзірге жағдайдың өзгеретін түрі байқалмайды. Мысалы, Шығыс Қазақстанды немесе Балқаш пен Алакөлді алып қарайтын болсақ, не сапалы жол жоқ, не аялдайтын арнайы тұрақтар мен кемпингтер қаралмаған. Туристер күйі кеткен демалыс орындары мен ондағы санитариялық талаптарға сай келмейтін қолайсыз жағдайларға мойынсұнуға мәжбүр», - деді ол. Сонымен қатар Премьер-Министр нарықта бәсекенің болмауы қызмет көрсету бағасының қымбаттауына алып келетінін баса айтты. «Бәсеке жоқ жерде, сервис сапасы да ақсай беретіні анық. Туристік бизнесте «Демалуға қайтсе де келеді?» деген қарабайыр түсінік қалыптасқан. Дәл осындай көзқарас еліміздің туристік имиджіне нұқсан келтіреді», - деді Үкімет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
«Жарайсың, бауырым»: Басы дауға қалған Черчесов қазақ тілінде «жазып кетті»
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды