"Әкімдіктің екі қызметкері бар": Талдықорғанда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазды kaz.nur.kz"Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкерді, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкерін ұстап, олар УҰИ-ге қамалды", – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, ұсталған тұлғалар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. "Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды. Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабының 2-тармағының 4-бөлігі ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада. Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге деректер жария етілмейтінін атап өтті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты
Алкоголь өнімдерін заңсыз өндірген жерасты цехы анықталды
Түнде Қырғызстанда жер сілкінісі болды
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Президент Хелен Кларкты қабылдады
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Заң – үлкен-кішіге ортақ
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
Алматыда демалыс жәрмеңкелері жаңарды
Ел игілігі үшін атқарылған өмірлік еңбек
Х Азия Тынық мұхиты ойындарында есту қабілеті нашар адамдар арасында бақ сынаған қазақстандық спортшылар 66 медаль жеңіп алды
Білім саласын цифрландырудың тиімділігі
Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атана алмады
Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан аса алмады