Ақмола облысы Егіндікөл ауданының халқы қыста тағы да сусыз қалуы мүмкін

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының тұрғындары қыста тағы да сусыз қалуы мүмкін. Су ресурстары және ирригация министрлігі мердігерлерге ақша бөлмей отыр. Ал кәсіпорын өз қаражатына жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы «АМАNАТ» партиясының мүшесі, Ақмола облыстық мәслихат депутаты Әбілқайыр Ошақбаев айтты. Жұрт биыл тағы сусыз қала ма деп алаңдап отыр. Мердігерлер Егіндікөлдегі алпыс сегіз шақырым су құбырының құрылысын 2 ай бұрын бастаған. Бұны көрген жұрт қуанып қалды. Алайда, министрлік қаржы бөлмеген соң енді жұмыс тоқтап қала ма деп уайымдайды. Бірақ мамандар Нұра су құбырын желтоқсан айында пайдалануға береміз деп отыр. Сөздерінше, құбырлар әбден тозған. Бұл проблема бұған дейін бірнеше рет партиялық бақылау комитетінде көтерілді. Рүстем ЖАҚЫПОВ, МЕРДІГЕР: Біз жаңа магистраль, жаңа құбыр салып жатырмыз, біз ештеңені ауыстырмаймыз. Жаңа маршрут бойынша жүріп жатырмыз. Нақты жұмыс 6 қыркүйекте басталды. Қыркүйектен бастап біз 14 мың метр төседік, 38 мың метр траншея қазылған. Тек ауа райы қолайсыздық тудыруда. Әкімдіктер көмектесіп жатыр баспана берді. Облыстық мәслихат депутаты Әбілқайыр Ошақбаевтың айтуынша, мердігерлер су құбырын «несиеге» салып жатыр. Ал, жауапты министрлік оларға тиісті қаржыны бөлуге асықпай отырған көрінеді. Әбілқайыр ОШАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ауданымызда қоғамдық бірлестік құрылды, үніміз естілді, үніміз үкіметте естілді, қоғамдық наразылық тудырдық. Процесс басталды, біз өте ризамыз. Әрине, проблемалар бар. Бұл жобаның тапсырыс берушісі – Су ресурстары комитеті. Сондықтан оларды қаржыландыру керек. Менің білуімше, бүгінгі күні мердігерлер жұмысы үшін әлі жалақы да алмағанымен, бүгінде олар өз қаражатына жұмыс істеп жатыр. Ал, министрлік мердігерлердің жалақысын нақты қашан төлейтінін айтпай отыр. Қаржының қашан бөлінетіні де белгісіз. ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ: 68 шақырым су құбырын ауыстыру үшін ҚР Қаржы министрлігіне 3 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу туралы өтініш хат жолданды. Жұмыс жүріп жатыр. Топтық су құбырындағы апатты жағдайды жедел жою мақсатында қаржының бөлінуін күтпестен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниямен меморандум жасалды. Партиялықтар бұл мәселені шешуге тырысуда. Бұл үшін мобильді партиялық бақылау құрылды. Су құбыры жөнделсе, Егіндікөл ғана емес, көршілес екі аудан да сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?