Ақмола облысы Қосшы қаласында ұрлық көп

Ақмола облысы Қосшы қаласында ұрлық көп. Тұрғындар кезекшілік ұйымдастырып, үйлерін өздері күзетуге мәжбүр. Өйткені полицейлерден көңіліміз қалды дейді. Ал тәртіп сақшыларының бұған айтар уәжі қандай? Тараптарды тілшіміз Дәрібек Бахытбек тыңдады.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Дәл кеше мына жерде телевизор болған. Алайда, үй тоңаушылар басынғаны сонша, тал түсте мына терезе арқылы кіріп қымбат заттарды қолды қылған. Ал тұрғындар қазір үйде жалғыз қалуға қорқамыз деп отыр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Мен инвалидпін, таңертең бар бала жұмысқа кетеді. Ол ұры келіп түсіп жатса, мен не істеуім керек. Сақтық керек, қорқамыз. - Біздер де қорқамыз, конечно үйдің қасынан тоже ұрламайтын нәрсе жоқ енді барлығымыздың шарбағымыз істелмеген. Соңғы уақытта Қосшыға көшіп келушілер қатары едәуір артқан. Алайда қоңыс аударғанның бәрі ұрының құрбаны болады екен. Диляра Каукенованың айтуынша, бірнеше ай бұрын үйіне деп әкелген құрылыс заттарын тонап кеткен. Шамамен шығын 1 миллионнан асып түседі дейді. Диляра КАУКЕНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ұры түсті. Есікті бұзып түсті. Строй материалдарды ұрлады. Анау кабелдерді ұрлады. Полиция шақырдық. Бірақ полицияның кеңесі бойынша заявление жазбаңыздар. Әйтпесе, полицияға қайта-қайта шақыра береді сіздерді. Оны қайтесіздер кеткен зат кетті табылмайды деп полиция бізге кеңес берді. Жиналғандар полицейлерге көңілі толмайтынын айтады. Олар әрекет етпейді, етсе де, нәтижесіз деп ренжиді. Айкенже ӘЛМҰҚАНОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 4 ұрлық болды бір айда. Ал, 4 айда 10 ұрлық болып отыр. Бір адамды да тауып жатқан жоқ. Бізге жетіспейді полицейскейлер жетіспейді. Олар айтады бізде штат кішкентай дейді. Бірақ біздің не кінәміз бар? Жарайды ұрлағаны бас садақа дейміз біз қазақтың сөзі ғой енді. Ал енді өмірімізді қалай сақтаймыз? Не жасаумыз керек? Қалай түсіндіріміз керек? Соны полицейлерге жеткізе алмай отырмыз. Ал полицейлер жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтады. Былтыр 25 жағдай тіркелген. Гүлнара ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қабылданған шаралардың негізінде 8 пәтер ұрлығы ашылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Қалған қылмыстар бойынша күдікті адамдарды анықтау жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Тұрғындар сондай-ақ, көшелер жарықтандырылса және бейнекамералар орнатылса дейді. Сонда ғана қорқыныш сейілер еді дейді. Д. Оңласын

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Ордабасы" клубының бас бапкері тағайындалды
Бүгін – Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл
Алматы облысының тауларында алдағы үш күнде қар көшкіні болуы мүмкін
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді