Ақмола облысында 100-ден астам жылқы аштықтан қырылды

Ақмола облысында мал қырылуда. Белуардан келетін қалың қар қыста жауған жаңбырдан кейін сіресіп қатып қалған. Жайылымдағы жылқылар азық таппай көтерем болуда. Ал шарасыз шаруалар жергілікті биліктен көмек сұрайды.Тұяғымен тарпып жерден азығын табатын жұмыр тұяқтылардың биыл қар қарпығаннан басқа амалы қалмаған. Аңғал батыр ауылынан 20 шақырым жерде ғана жайылған жылқыны ауылға жеткізуге жол жоқ. Қорғалжын ауданында да жағдай дәл осындай. Жұрт малын қорада ұстайын десе, азық жоқ дейді. Ақмола облысы бойынша аштықтан қырылған мал саны- 107. Сала мамандарының айтуынша, қазір жедел штаб құрылып, төрт түліктің шығынын азайту жұмыстары жүргізілуде.Еркеш АЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Ауылдық округтің әкімдері сол жылқыларды сақтап қалу үшін біршама жұмыстар жүргізіп жатыр. 80 пайызы жылқылардың бүгінгі таңда халыққа қайтарылып берілді. Енді 20 пайызы далада бағылып жүр. Сол 20 пайызына сабан жем жөп жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұлытау облысында да жағдай мәз емес. Желтоқсан және ақпан айларында ауа райы күрт жылып, жаңбыр жауған. Артынша жайылым жаппай мұз құрсауында қалды. Салдарынан төрт түлік шөпке жарымай, көтерем болуда. Өңірге арнайы барған комиссия осындай шешім шығарды. ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ:Жаңаарқа кенті мен Қаражал қаласы арасындағы автомобиль жолының бойынан өлексесі табылған 23 жылқының сәйкестендіру нөмірі болмай шықты. Өлекселер мал қорымына жеткізілді. Сонымен қатар Жаңаарқа ауданында сәйкестендіру нөмірі жоқ тағы 44 жылқы табылды. Осылайша, жайылымда өлген 67 жылқының иелерін де анықтау мүмкін болмады. Аудандық ветеринарлық станцияларға жылқылардың өліміне қатысты иелерінен әлі ресми түрде өтініш түспеген. Айта кетейік, Ұлытау облысында 2000 және Жаңаарқа ауданында қолда бар малдың жартысы өлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауданда барлығы 84 мыңнан астам жылқы бар. Жергілікті билік тарапынан өлген малдың саны есептеп, тіркеуге алу жұмыстары жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда 80 млн теңгеден астам жалған банкноттар алынды
Алматыда академик Серік Пірәлиевті еске алуға арналған халықаралық жиын өтті
Мүфтият бұрынғы бас мүфтиге көлік мінгізді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
“Тазалық көрмеген”: Белгілі блогер халыққа қызмет көрсету орталықтарының әжетханасын сынға алды (ФОТО)
Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
Петропавлда үш ер адам тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған
Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға кетті
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады