Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды, деп хабарлайды Kazinform.Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болды.«Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақтың салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан», - деді ведомстводан. Демалыс күндері ауа райының нашарлауынан Ақмола облысында 18 жол-көлік оқиғасы болды.