Ақмола облысында 380 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақмола облысында 380 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Сондай-ақ, облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Ел көлемінде жекелеген өнім түрлері бойынша мойынтіректің 100 пайызы, әрбір екінші мамандандырылған автомобиль, астық жинайтын комбайн, трактор, әрбір үшінші керамикалық кірпіш және үшінші килограмм алтын Ақмола облысында өндіріледі. Аймақ – негізгі аграрлы өңірлердің бірі, елдің жалпы ауыл шаруашылығы өніміндерінің 10%-ы осы өңірге тиесілі. Ауылшаруышылығы өнімінің көлемі, өткен жылға қарағанда 5,5% өсіп, 114 млрд теңгені құрады. Өңір басшысы осы мақсатта жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет облысымыздың Агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 160 млрд теңгеден астам субсидия береді. Оның 50%-ы, яғни 52 млрд теңгеге жуығы қайтарымсыз субсидия. Одан бөлек өнеркәсіпті қолдауға несиелер берілуде. Сонымен қатар дизель отыны 205 теңгемен берілуде. АӨК негізінен мемлекет тарапынан тиісті көлемде қаржыландырылады. Өңірдегі жайылым мәселесі әкімдіктің басты назарында. Қазір халыққа 400 мың гектарға жуық жер жетіспейді. Бірақ бұл үшін ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. Аймақ басшысы «қазірдің өзінде жақсы нәтижелер бар» дейді. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Комиссия белсенді жұмыс істеп жатыр. Жалпы, біз 380 мың гектарға жуық жерді қайтардық. Біріншіден, бұл игермегендер, екіншіден, заңсыз рәсімделгендер. Бұл жерлерді біз тәркілеп, мемлекет кірісіне қайтардық. Көпшілігі жайылым жоқ елді мекендердің айналасында орналасқан. Ермек Маржықпаев өңірде техникалық жабдықтауға тиісті көңіл бөлінетінін атап өтті. Жыл басынан бері жергілікті агроқұрылымдар сегіз жүзден астам трактор, комбайн және басқа да ауылшаруашылық техникаларын сатып алды. Айта кетейік, күзде жиналатын астық аймақтың ғана емес, Астананың да қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды