Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып, өзенді жауып тастады

Ақмола облысында ауыл әкімі су бөгетін сатып жіберді. Кәсіпкер құрылысты бастау үшін Өлеңті өзенін бөгеп тастаған. Салдарынан өзен бойындағы 10 шақты ауыл мен 9 көл сусыз қалған. Ал ондағы 40-тан астам шаруашылық жеріміз көктемей қалатын болды деп шу көтерді. Тараптардың тартысын әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдап келді.Павлодарлық шаруалар Өлеңті өзенінде салынып жатқан бөгет құрылысына қарсы. Айтуларынша, Өлеңті ауылының әкімі өзендегі бөгетті жеке меншікке сатып жіберген. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Тұрғындардың ашуын тудырған осы бөгет. Әлдебір шаруашылық Өлеңті өзенін бөгеп, арнасын бітеп тастаған. Соның салдарынан өзен бойындағы 10 шақты ауылдың шабындық жерлеріне су бармай қалды. Қаныш ӘУБӘКІРОВ, ШАРУА: Осы өзеннің бойын мекендеп отырған үлкен 5 ауыл отыр. 5 ауылдың халқының бәрі малына қарап отырған адамдар. Егер су жайылмай қалған жағдай болса, шөп шықпайды. Шөп шықпаса, малды әрі қарай асырау қолымыздан келмейді. Сондықтан, осыны бір жағына шығарып, ашып берсе деп ойлаймыз. Жұмабек РАХЫМБЕКҰЛЫ, ШАРУА: Осы Өлеңті өзенінің бойында тұрғандықтан, осы өзеннің бойынан шыққан шөппен малымызды асырап отырмыз. Ал суды бір ғана шаруашылық үшін бөгеп, бір шаруашылықтың кесірінен мына жақтағы 60 шаруашылық сусыз қалып жатса, ол деген катастрофа. Ал керекулік шенділер өзен бойындағы елді-мекендерге экологиялық қауіп төніп тұрғанын айтады. Себебі, мұнда ірілі ұсақты 9 көл тартылып қалуы мүмкін. Жанат ИБРАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Бұл экологияға өте әсер етеді. Біздің Әулиекөл, 9 көліміз құрып кетуі мүмкін. Тұзданып, тұщы су жоғалып кетуі мүмкін. Флора , фауна жоғалады. Аң, құс кетеді. Ондағы өмір сүріп отырған азын-аулақ азаматтар көшеді. Жұмыссыздық пайда болады. Өлеңті ауылының әкімі өзенді емес, су бөгетін сатқанын айтады. Оны аукцион арқылы 8 млн. теңгеге саудалапты. Алмагүл МҰСТАФИНА, ӨЛЕҢТІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Сарықамыс бөгеті 70 жылдары салынған. Өлеңті совхоз кезінде ауылдың малын шөппен қамту үшін. Көп жылдары иесіз қалды. Соттың шешім шықты жанағы бөгет иесіз деп. Біз кірісті ойлау керекпіз. Сондықтан бөгетке құжаттарды дайындағаннан кейін 2022 жылы электрноный аукционда сатылады. Сатып жібердік. Ал су бөгетін сатып алған кәсіпкер өзен суын пайдалануға рұқсат алғанын айтты. Айдар НЫҒМЕТОВ, КӘСІПКЕР: Қанша бізге су келеді. Сол суға біздер рұқсат алдық заң бойынша. Қанша керек соны ұстаймыз. Қалғаны речкаға түседі. Қалған артық су алмаймыз. "Ертіс бассейні" инспекциясының Павлодар бөлімшесі кәсіпкердің дамба салу үшін рұқсат алмағанын жеткізді. Әлия АБЫЛХАСАНОВА, "ЕРТІС БАССЕЙНІ" ИНСПЕКЦИЯСЫ ПАВЛОДАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Айдар» шаруа қожалығы Ерейментау ауданы әкімдігінен алған рұқсаты бойынша дамбаны қайта құрды. Бірақ, осы жұмыстарды жүргізбек бұрын «Ертіс бассейні» инспекцияда осы жұмыстарды келісу үшін жүгінген емес. «Ертіс бассейні» мекемесі тұрғындарға сотқа жүгінуге кеңес береді. Егер шағым түскен жағдайда, нысанды тексереміз - деп отыр. Ал тұрғындар қол жинап, жоғары жаққа арызданбақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болат пен ағасының өлімі: Алматы облысының әкімі мәлімдеме жасады
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
«Қайран, қазақтың ақшасы…»: Белгілі спорт журналисі «Астана» футбол клубын сынап тастады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды