Ақмола өңірінде жағымды жаңалық көп. 20 миллионшы қазақстандық дүние есігін ашты. Онан кейін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесі тойланды. Облыс орталығында жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтті. Сенбінің таңы облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында ұзын-сонар кезектен басталды. Бәрі отбасының қамымен үйіне азық-түлік алуға асыққан тұрғындар. Жәрмеңкеге 8 аудан мен Көкшетау қаласын қоса есептегенде 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысты. Жәрмеңкеде 82 миллион тенгенің азық-түлік өнімі саудаланды. Қасым ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аккольский, Астраханский, Буландинский...Бұл жәрмеңкеге Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Біржан-Сал,Бурабай, Сандықтау және Зеренді аудандары белсенді қатысып жатыр. Жәрмеңкеге 10 тонна сүт өнімдері және 81 тонна өнім ұсынылды. Бұл 40-тан астам азық-түлік түрі. Жәрмеңкеде жылқы етінің келесі 2500, сиыр және қой еті 2300, құс еті 1200 теңгеден саудаланды. Жұмыртқа 45 тенгеден, ал сүт өнімдері 300 теңгеден сатылды. Қанат ЕГІМБАЕВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Астрахан районынан келдік арнайы. Өзіміздің арнайы қойларын арзан бағаға сатып жатырмыз. Халықтың көңілінен шығып жатыр деп ойлаймын. Біздің Астрахан ауданына қарасты Новочеркасск ауылында сиыр сүтінен өнімдер шығарады. Оны да арзан бағаға сатып жатырмыз.Халық көп келіп жатыр. Бәрі де біздің ауылдың өнімдері. Жәрмеңкенің орналасқан жері ыңғайлы, -дейді қала тұрғындары. Нұржамал ӘУБӘКІРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Керек затымызды ақырын келіп аламыз. Машинаға дейін апарып беруге міне жігіттер бәрі тегін көмектесіп апарып беріп жатыр. Соның бәрі біздерге үлкен кісілерге, пенсионерлерге қолайлы. Айта кетейік, жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағамен салыстырғанда 10-15 процентке арзан сатылды. Ең бастысы қала тұрғындарына табиғи өнімді сатып алуға, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімін сатуға үлкен мүмкіндік болды.