Қайғылы оқиға Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленый бор ауылындағы "Ромашка" балабақшасында болды. Бүгін сол жерде 6 жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 13:30-да тәрбиеші 2017 жылы туған баланың терісінің көгергенін байқаған. Дереу мекеменің медбикесі мен жедел жәрдемді шақырған."Жедел жәрдем келгенге дейін медбике реанимациялық көмек көрсетті. Реанимациялық шаралар нәтижелі болмаған. Жедел жәрдем келгеннен кейін биологиялық өлім тіркелді. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Баланың ата-анасына көңіл айтамыз", - деп хабарлады басқарма.Бұл іс бойынша полиция қылмыстық іс қозғады."Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.