Степногорск қаласында өрт сөндіруші Қанат Асқаров пен Асқар Әлжанов өртеніп жатқан пәтерден кішкентай қыз бен ұл баланы аман-есен алып шықты. Құтқарушыларға мемлекеттік награда әрі жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қомақты сыйлық табыс етілді. Желтоқсан айының басында Степногорск қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден кішкентай қыз бен ұл баланы құтқарған. Сол құтқару кезінде бөлімше командирі Қанат Асқаров пен 3-МӨСБ аға инженері Асқар Әлжанов ерекшеленді. Балаларды төменнен қабылдаған Асқар Әлжанов өртті сөндіру кезінде ұялы телефонын сындырып алған. Мұны назардан тыс қалдырмай, Көкшетау қалалық дүкендерінің бірі оған жаңа IPhone және Түркияға жолдама сыйлаған болатын.Степногорск қаласында өрт сөндіруші Қанат Асқаров пен Асқар Әлжанов өртеніп жатқан пәтерден кішкентай қыз бен ұл баланы аман-есен алып шықты. Құтқарушыларға мемлекеттік награда әрі жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қомақты сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz. Желтоқсан айының басында Степногорск қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден кішкентай қыз бен ұл баланы құтқарған. Сол құтқару кезінде бөлімше командирі Қанат Асқаров пен 3-МӨСБ аға инженері Асқар Әлжанов ерекшеленді. Балаларды төменнен қабылдаған Асқар Әлжанов өртті сөндіру кезінде ұялы телефонын сындырып алған. Мұны назардан тыс қалдырмай, Көкшетау қалалық дүкендерінің бірі оған жаңа IPhone және Түркияға жолдама сыйлаған болатын. Балаларды терезеден тікелей шығарған Қанат Асқаров Төтенше жағдайлар жөніндегі мнистрі Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен "Құтқарушы" төсбелгісімен марапатталды. "Бізді көп адам батыр деп санайды. Бірақ біз өз жұмысымызды орындадық деп ойлаймыз. Біздің орнымызда әрбір өрт сөндіруші осылай істейтін еді", - деп атап өтті Қанат Асқаров.