Ақмола облысында «Жаңа дала» дәстүрлі мамандандырылған көрмесі өтті

Ақмола облысында «Жаңа дала» дәстүрлі мамандандырылған көрмесі өтті. Биыл ауқымды шараға 19 мемлекеттен 150-ге жуық аграрлық компания өкілдері қатысты. Ақмола – астықты өлке. Елімізде өсірілетін бидайдың 25 пайызы ақмолалық шаруалардың үлесінде. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,  ОБЛЫС ӘКІМІ:Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі алғаш рет 1 трлн.теңге белгісінен асып түсті. Ол республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі. Осы жылғы нәтиже де жақсы болатынына сенімдімін. Шара барысында фермерлер үшін шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Ал, жергілікті атқарушы билік өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінен келген аграрлармен ынтымақтастықты одан ары арттыру жөнінде уағдаласты. Жалпы жыл санап мемлекет тарапынан шаруаларға қолдау артып келеді. Тек осы жылдың өзінде қос бағдарламаға қосымша 200 млрд.теңге қарастырылған. РҮСТЕМ ҚҰРМАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:Биыл біздің салаға бөлінген 450 млрд.теңгеге ірі несиелерді рәсімдеуге қосымша тағы 100 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржыға 65 сүт фермасы салынады деп жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасына да қосымша 100 млрд.теңге бөлініп отыр.«Дала күнінің» шаруалар үшін тиімділігі жоғары. Өйткені жан-жақтан жиылған фермерлер жаңа технологиялар мен жаңа техникаларды тамашалап қана қоймай, пікірлесіп, тәжірибе алмасады. Ал, екі күнге созылған көрмені тамашалауға 10 мыңнан астам адам жиналған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ - Мемлекет басшысы
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Талғар қаласына жаңа әкім сайланды
Астаналық робот тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Талғарға жаңа әкім сайланды
Талғарда жаңа әкім сайланды
Бүгін - Бибігүл Төлегенованың туған күні
Талғар қаласына жаңадан сайланған әкім туралы не белгілі?
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды