Ақмола облысында медицина саласындағы кадр тапшылығы шешіліп келеді

Ақмола облысында медицина саласында кадр тапшылығы шешіліп келеді. Мысалға, соңғы 3-4 жылда аймақтағы дәрігер жетіспеушілігі екі есеге қысқарған. Саладағы осы мәселені шешу мақсатында жергілікті қазынадан жыл сайын қомақты қаржы қарастырылады. Тек өткен жылдың өзінде 100-ге жуық жас маман жұмысқа орналасқан. Оларға 50 млн.теңге көлемінде көтерме ақы төленді. Бұдан бөлек, облыс әкімі грантының жемісін көріп отырған түлектер де бар. Әсет ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ДӘРІГЕР:Менің оқуым ересектер және балалар неврологиясы бағытында 2 жылға созылды. Қазір медициналық резидент ретінде Көкшетау қаласының облыстық ауруханасының неврология бөлімшесіне жұмысқа орналастым. {Мен стационарлық түрде жұмыс істеймін және амбулаторлы түрде қабылдау өткіземін. }Әйелім де дәрігер, акушер-гинеколог. Екеуміз де туған жерімізге Көкшетауға оралдық. Әкімдік тарапынан сапалы қолдау болған соң бізге қызметтік баспана берілді. Жалпы жергілікті сала мамандары алдағы уақытта грант санын көбейтуге ниетті. Бұл өз кезегінде өңірдегі дәрігер тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биыл "дипломмен - ауылға" бағдарламасы аясында 39 жас маманға қолдау көрсетіледі. Саят ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А:Аймақта дәрігер тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын 35 грант бөлінеді. Жалпы медициналық дәрігер бойынша 50 грант қарастырылған. Ал, орта арнаулы білім алатын түлектерге 174 грант беріледі. Жалпы осы жылы жергілікті ақ халаттыларға көтерме ақы төлеу мақсатында жергілікті қазынадан 120 млн.теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, аймақтағы 14 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың дені ауылдық жерде орналасқан. Құрылыс жұмыстарына қазынадан бір миллиардтан астам қаржы бөлінді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Павлодарда өрттен аман қалған әйел полицейлерге алғыс айтты
Екі жасар қыз ойнап жүріп 135 магниттік шар жұтып қойған
Қазақстанда XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады