Ақмола облысында медициналық кадр тапшылығы 22 пайызға төмендеді

Биыл Ақмола облысының ауылдық жерлеріне 130-дан астам дәрігер маманы жұмысқа орналасты. Олардың 76-ы жас маман. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысында саладағы кадр тапшылығы 22 пайызға, яғни, 244-тен 190-ға дейін төмендеді.Медициналық ұйымдарда 7 мыңға жуық маман, оның ішінде 1,6 мың дәрігер және 6 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Кадр мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. НҰРЛАН АХИЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда өңірге медициналық кадрларды ынталандыру және тарту мақсатында бірқатар жүйелі және дәйекті шаралар қабылданып жатыр. Айтап айтқанда, пәтер мен жатақхана беріледі. Дәрігерлердің балалары үшін балабақшаларда орын бөлу, олардың жұбайларын жұмысқа орналастыру және басқа да қолдау түрлері арқылы медициналық мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Орта буын медицина қызметкерлері үшін жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді. Лаура Салихова бала күнгі арманына осы грант арқылы қол жеткізді. Қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасында еңбек етуде. ЛАУРА САЛИХОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ РЕВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Көкшетау қаласында жас мамандарға барлық жағдай жасалған. Болашақта осы жақта қаламын ба, қалмаймын ба әзірге білмеймін. Оны болашақта уақыт көрсете жатар. Қазіргі таңда арманым орындалды деп ойлаймын. Сонымен қатар, былтыр жас мамандарға көтерме төлем аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 миллион теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Жыл сайын дәрігерлердің орташа жалақысын 30, орта медицина қызметкерлеріне 20 процентке өсуде. Қазір дәрігерлердің орташа жалақысы 545 мың, орта медициналық персоналдың жалақысы 305 мың және кіші персоналдың жалақысы 131 мың теңгені құрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
16 желтоқсанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды
«Қара тауымыз құлады»: Берік Уәли өмірден өткен әкесіне жүрекжарды жазба арнады
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды