Ақмола облысында мұғалім шылым шеккені үшін 7-сынып оқушысын ұрып, жұмыстан қуылды

Ақмола облысы Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары темекі шеккен оқушымен дөрекі сөйлеіп, қол көтергені жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Мұғалімнің мектеп оқушысымен дөрекі сөйлесіп жатқаны түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары мұғалімнің әрекетін сынға алған.Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Белгілі болғандай, екінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде 7, 9, 10-сынып оқушылары спортзалға волейбол ойнауға барған. Алайда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ютина оқушылардың волейбол ойнағанын емес, 7-сынып оқушысы Д.Кимнің темекі шегіп тұрғанын көрген. Осы кезде мұғалім бірден мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Б.Мекебайды шақырған, ол оқушымен әңгімелескен. Әңгіме барысында оқушы спортзалда темекі шегетінін мойындаған. Оқушының бұл жауабы мектеп директоры орынбасарының ашуына тиіп, ол эмоцияға ерік берген. "Білім бөлімінің жұмыс тобы Жаңаесіл ауылындағы балалармен, ата-аналармен және мектептің педагогикалық ұжымымен әңгімелесті. Осы дерек бойынша жүргізілген талқылаудан кейін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі Д.Кимнен педагог Б.Мекебайға шағымдан бас тарту туралы өтініш келіп түсті. Дегенмен, бұл жағдай Жаңаесіл ауылы мектебінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды, онда ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес Б.Мекебайды жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды", – деді ведомство өкілдері. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
Шерзаттың үйін өртегендер туралы тың дерек шықты
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды