Ақмола облысының Щучье қаласында тұрғын үй өртеніп, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өрт төрт пәтерлі тұрғын үйден шыққан.«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 7 өрт сөндіру техникасы тартылды. Үй ағаштан жасалғандықтан өрт сөндіру кезінде қиындықтар болды. Жалын шарпыған үйден екі адамның мәйіті табылды", -делінген хабарламада.