Ақмола облысындағы Үшқарасу ауылында сібір жарасын жұқтырғандар саны 15 адамға жетті,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Мамандардың айтуынша, науқастардың жағдайы орташа. Ал олармен байланыста болған 22 адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Карантинге жабылған елдімекенге 1700 доза вакцина мен 900 мың миллиграмм дизенфекциялау құралы жеткізілген. Қазір қора-қопсыға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, малға індетке қарсы екпе салынып жатыр.Еске салайық, тамыз айының аяғында Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында он үш адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсіп, елдімекен карантинге жабылған. Емдеу орнына жеткізілгендердің тоғызы жергілікті мал өсіретін шаруашылықта жұмыс істеген. Қалғандары ауыл тұғындары.Республикалық противоэпизотиялық жасақ келді. Кірді қазір олар. Ауылдың сыртын толық жыртты. Артық мал, артық техника ауылдан шықпайды. Шлагбаум қойылды. Блокпост қойылды. Дизбарьерлар қойылды. Бүкіл малдарды қазір учетқа алып жатыр,-дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ағыбай Сыздықов.