Ақмола облысындағы "АЛЖИР" музейінде лифт құлап, екі әйел ауруханаға түсті

Ақмола облысындағы "АЛЖИР" мұражайында лифт құлап, екі адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы "АЛЖИР" музейінде лифт құлауы салдарынан мұражайға келген екі әйел зардап шекті. Олар Астанадағы ауруханаға жатқызылды. Жарақат алғандардың бірі – 83 жастағы Астана тұрғыны, екіншісі 54 жастағы Ақмол ауылында тұрады. "16 шілдеде Целиноград аудандық кезекші полиция бөліміне Астанадағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына түрлі жарақат алған екі әйел түскенін хабарлады. 1940 жылғы елорда тұрғыны және 1969 жылы туған Ақмол тұрғыны ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Алдын ала белгілі болғандай, олар "АЛЖИР" музейін аралап жүргенде лифт құлап, екеуі де жарақат алды",- деді департамент өкілі. Целиноград ауданы, Ақмол ауылындағы "АЛЖИР" мұражайында лифттің құлауы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы"Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Аталған бап бойынша 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 1,2 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы көзделген. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді