Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін.Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Бірлік ауылдық округіне қарасты Красная Поляна ауылын – Бірлік, Арбузинка ауылын - Ақкент, Петриковка ауылын Тұмар ауылы деп атау туралы шешім шығарды», - делінген талқылауға шығарылға құжатта.