Ақмола облысының 18 жастағы тұрғыны TikTok арқылы жоқ пәтерлерді жалға берген

Ақмола облысының полицейлері Красный Яр ауылының 18 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі екі тергеу жүргізіп жатыр. Бойжеткен алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің 5 қазанда тартақан мәліметі бойынша, Көкшетау полициясына жергілікті колледждің екі студенті хабарласқан. Олар TikTok арқылы бір қызбен танысқанын, ол қыз шығындарды бөлісіп, бірге пәтер жалдап тұруды ұсынғанын айтқан. Ол жөндеу жұмыстарына байланысты жатақханадан шығып қалғанын, баспанаға мұқтаж екенін, басқа студенттермен бірлесіп пәтер жалдап тұрып, пәтерге кететін шығынды азайтқысы келетінін айтқан. Қыздар жаңа құрбысына сеніп, оның атына алдын-ала төлем аударған, бірақ көрсетілген мекен-жайға келгенде ешқандай пәтер жалға берілмейтіні анықталған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 80 мың теңге болды.Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ата-анасымен тұратын Красный Яр ауылының 18 жастағы тұрғыны жаңа таныстарының сенгіштігін пайдаланып, ақша таппақ болған. Ешқандай баспанаға мұқтаж болмаған. Қазір оның үстінен тергеу жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды