Ақмола облысының екі елдімекенінде жылу және кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі

Ақмола облысының екі елдімекенінде кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. "AMANAT" фракциясының депутаттары Шортанды ауданына барып, жұмыс барысымен танысты. Дамса және Научный ауылдарында биыл жылу желілері мен кәріз жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір тиісті шаруаның 90 пайызы орындалады. Тек асфальтбетон жабындарын қалпына келтіру шаралары келер жылға қалады. Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Дамсада жылу трассасымен арнайы қазандық салынуы керек. Одан кейін кәріз жүйелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қайтадан салынып. Екінші мынау научный елді-мекенінде де кәрздік жүйе жұмысы жүріп жатыр. Жаңадан салынып жатыр. Жұмыс барысы кестеге сай жүріп жатыр екен. Сондай-ақ, депутаттар Научный ауылындағы орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын оң бағалады. Ғимарат 60-жылдарында салынған. Бұған дейін ешқандай жөндеуден өтпеген. Оқушылар 1 қазаннан бастап осы мектепте білім алады. Айна МЫСЫРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Биыл осы мектепті күрделі жөндеуге 375 млн. теңге бөлінді. Келісімшартқа сәйкес жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін аяқталуы қажет. Құрылыс жұмысы оқу процесіне әсер етпейді. Балалар әзірге музыка мектебінің ғимаратында оқиды. Шортанды ауданына қарасты екі бірдей ауылдағы нысандарды күрделі жөндеу жұмыстары "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімін "AMANAT" партиясы өз бақылауында ұстап отыр. Сағындық ШАБАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Екі елдімекен бойынша бізде шамамен 2 млрд теңге бөлінді. Республикалық бюджет қаражатынан "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында. Елдімекенді жылумен жабдықтау бойынша апта сайын жиын өткіледі. Өйткені жоба уақытылы әрі сапалы орындауы тиіс. Оны өзім әрбір апта сайын тексеріп отырамын. Естеріңізге сала кетейік, "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қабылдауында жергілікті тұрғындардың бірі Шортанды ауданын сумен жабдықтау бойынша мәселе көтерген болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дінмұхамед Қараман биыл «Жеңіс» сапында ойнайды
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Экологтар Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерден топырақ сынамаларын алды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
ІІМ: Заңсыз көші-қон арналары жойылды
Тағы да Эбола: ДДСҰ дабыл қақты
Петропавлдағы стадионда өрт шықты
«Фантазия деп осыны айт»: өкшесі бар галош аяқ киім жұртты күлдірді (ВИДЕО)
Бірнеше облыста заңсыз көші-қонмен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Экологтар Ақтауда ұшақ апатқа ұшыраған жерден топырақ сынамаларын алды
Коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген
Алтай Айнабек шынымен Аралды толтырды ма, вице-министр не дейді?
Ақтөбеде кепілде болып, ауыр жарақат алған әйел есін жиды
Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері Астанада бас қосады
Жыл басталғалы елордада 5 мыңға жуық адам ЖРВИ жұқтырған
Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылы “жеткілікті шек“ өсе ме?
Семей әуежайына амбулаториялық лифт сатып алынды
Екібастұздағы балабақшада баланы аяусыз ұрып-соққан тәрбиеші видеоға түсіп қалды