Ақмола облысының төрт ауданында мал аштан қырылып жатыр

Ақмола облысының Біржан сал ауданында жылқы қырылып жатыр. Қыстақтағы малды ауылға жеткізуге жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар қыста жауған жаңбырдан сіресіп қатып қалған. Сол себепті тебіндегі жылқы азық таппай аштан өліп жатыр. Алдындағы малынан айырылған шарасыз шаруалар әкім-қаралардан жалынып көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Сіздерден көмек сұраймыз. Облыс аппараты неге төтенше жағдай жарияламасқа мына жаққа техника жіберуге болмайды, тым болмағанда жолдарды ашып бергенде. Ақша, азық сұрап жатқан жоқпыз. Өзіміз сатып аламыз. Қаншама халықтың малы бар. Биыл қыс сондай қатты болып жатыр. Жалғыз менде емес, көрші ауылдардың бәрінде мал қырылып жатыр", - дейді шаруа Қайрат Бегалин.  Тұяғымен тарпып жерден азығын табатын жұмыр тұяқтылардың биыл қар қарпығаннан басқа амалы болмапты. Қар қалың түскенімен қоймай, жаңбырдан соң үскірік аяз айналаны көк мұзға айналдырған. Мәселен, Аңғал батыр ауылынан 20 шақырым жерде ғана жайылған жылқыны ауылға жеткізуге жол жоқ. Әбден ашыққан мал көтерем болып құлап, қар астында қалған. Биелер құлын тастап, төл басы кеми түскен.Ал Біржан сал ауданының әкімі бір емес, екі рет жол аштық деп тұр. Қынадай қырылған жылқылардың аурудан емес, аштан өліп жатқанын мал дәрігерлері де растап отыр."Мал шығыны бар екені рас. Ол біздің 4 ауданда тіркеліп отыр. Біздің мәліметіміз бойынша 200 бастан асып кетті, мал шығыны. Аурудың ешқандай белгісі жоқ. Мал аштан қырылып жатыр. Оны сараптама жүзінде дәлелдеп бере аламыз. Мал аштан қырылып жатыр. Қарындарында қардан басқа ештеңе жоқ, сойғанда", - дейді Ақмола облысы ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды