Ақмола облысының тұрғыны дүниеге үшем әкелді, үшеуі де ұл бала.Үшемді дүниеге әкелген - Зеренді ауданы Ескенежал ауылының Ардахан Кавяев есімді тұрғыны. Бұл туралы Зеренді ауданының әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Керемет жаңалықпен бөлісуге асығамыз! Кавяев Ардахан есімді Ақадыр ауылынан келген Шағалы ауылдық округінің тұрғыны елімізге үш әдемі батыр сыйлады. Қуанышты жаңалық құтты болсын!», - деп жазылған әкімдіктің ресми парақшасында.