Ақмола прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алимент төлемейтіндерді қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.Биыл жүргізілген жұмыстың нәтижесінде прокуратура алимент төлемей жүрген 28 борышкерге қатысты қылмыстық істі тіркеді. Оның ішінде 8 борышкерге үкім шықты. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс бар. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Биыл Ақмола облысы прокуратурасы 600 млн тенгеден астам алимент қарызының өтелуіне сеп болды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.