Ақмолалық кәсіпкерлер өтірік үйірмелер ашып, ақша жымқырған

Ақмола облысы прокурорлары «АртСпорт» бағдарламасын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл бағдарлама балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған, жеткізушілердің үй-жайларды жалға алу және жаттықтырушылардың жалақысы үшін барлық шығындарын мемлекет төлейді. Алайда, жосықсыз кәсіпкерлер бұл бағдарламаны бюджет қаражатын жымқыру үшін пайдаланды. Тексеру барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, «өлі жандарды» рәсімдеу фактілері анықталды. Мысалы Ерейментау қаласында кәсіпкер үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра мен би үйірмелерін ашты. Сонымен қатар, домбыра және шахмат ойыны бойынша сабақтар іс жүзінде өткізілмеген, ал қалған үйірмелерге қатысатын балалардың саны асыра көрсетілген. Ұрланған бюджет қаражатының жалпы сомасы 6 млн. теңгені құрады. Прокуратура осы факт бойынша қылмыстық істі тіркеді, ол кейіннен сотқа жолданды. Сот үкімімен аталған кәсіпкер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды. Тағы бір мысал, Көкшетау қаласының кәсіпкерлерінің бірі волейбол және үстел теннисі секцияларын тіркеді. Екі секцияда да бірдей балалар болды, ал іс жүзінде олар тек волейболға барды, теннис сабақтары өткізілмеді, бірақ кәсіпкер бюджет ақшасын алғаны туралы табель толтырды. 6 ай ішінде ол 1 млн.теңгеден астам иемделді. Қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды, залал өтелді, осы кәсіпкермен шарт бұзылды. Прокуратура тексеру нәтижелері бойынша алаяқтық фактілерімен осындай жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты барлығы 5 қылмыстық іс қозғалды, мемлекетке келтірілген залал көлемі 16 млн.теңгеден асты. Қазіргі уақытта барлық істердің тергеуі аяқталды, 3 айыптау үкімі шығарылып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресейде есірткі сатқаны үшін іздеуде болған ер адам Алматыда қолға түсті
"Өз елінде жалғастырады". Министр Галбадрах Отгонцэцэгтің шешімі жөнінде
ММА-де өнер көрсеткен Абылайхан Шаратов дзюдоға оралды
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Тоқаев Абу Дабидегі саммитте сөз сөйледі
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін