Ақмолалық шаруалар Астанаға 300 тоннадан аса азық-түлік алып келді

Ақмолалық шаруалар Астанаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкелді. Бұл жолғы жәрмеңкені олар ерекше ұйымдастырған. Еріктілер азық-түлік сатып алған зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жүгін көтерісіп, көмек көрсетті. Жұртшылық бұған дән риза. Баға да көңілге қонымды дейді.Азық-түлік тауарларының түрі сан алуан. Олардың қатарында өңірдің бренді саналатын сүт, ет өнімдері бар.Барлығы табиғи таза, бағасы нарықтан әлдеқайда төмен. Кеңес ӘЛІМЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бағасы базар бағасынан 10-20 % төмен. Біздің облыстың брендтік тауар өндірушілер де өз өнімдері осы жәрмеңкеге алып келді. Астана жұртын әсіресе «Моя ферма» өнімдері тамсандырды. Бес жылдан бері солтүстік өңірлерді сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпорын бұл жәрмеңкеде де жоғарғы сұранысқа ие болды. Әлия НАЙМАНОВА, «МОЯ ФЕРМА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАРКЕТОЛОГЫ: Дәм татып жатыр және көтерме бағалармен тұтынушылар біздің өнімімізді алуға мүмкіндіктері бар. Қол жетімді бағадағы азық-түлікті алып қалуға жиналған жұрттың қарасы қалың. Әсіресе, табиғи өнім іздеген зейнеткерлер көп. Оларға волонтерлар көмектесуде. Ербол АМАНТАЕВ, ВОЛОНТЕР: Мұнда біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сөмкелерін өз бетінше жеткізе алмайтын қарттарға көмектесуге келдік. Олар қаппен өнім сатып алса, біз оны }көлікке немесе таксиге тегін жеткізіп береміз. Астана тұрғындары жәрмеңке ұйымдастырушыларына алғыстарын жаудырып жатты. БЛИЦ:САУАЛНАМА: - Жәрмеңкеге таңертең ерте келдім, қысқа ет сатып алдым. Еріктілерге үлкен рахмет айтқым келеді. Балалар өте адал, көп көмектесті. - Ет алдым. Тұтас сиыр етін. Сұйық май алдым. Бағасы жақсы. Концерттік бағдарлама жәрмеңкенің көрігін қыздырды. Өнім өндірушілер мен өнерпаздар Елорда халқының ықыласына бөленді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді