Ақорда Наурыз мерекесінде Тоқаевқа сыйға берілген тазының суреті мен видеосын жариялады

2023 жылы Наурыз мейрамында асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова Қасым-Жомарт Тоқаевқа бір жарым айлық Тазы күшігін сыйға тартқан. Бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды құмай тазысы бар. Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. "Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды",-дейді Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заң жобасының негізгі мақсаты – қазақтың Тазы және Төбет ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу. Атап өту керек, Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан сирек тұқымды иттің гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды. 2024 жылдың 7 ақпанында Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронға екі тазы күшігін жібергені белгілі болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2030 жылға қарай елімізге 400 мың жұмысшы маман қажет болады
Brain drain немесе білімді қазақ жастарының шетелге имиграциялануының сыры неде?
Шымкентте бес ай бұрын пайдалануға берілген үйлер бүлініп жатыр (ВИДЕО)
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады