Ақпанда автонесиеге өтінім беріп үлгерген 195 адам көлігін алды, 569 өтінім мақұлданды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының аралық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдікпен автокредит беретін бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінді. Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңгеге 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны - 761 адам). Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 млрд теңгеге автомобиль берілді. Қарыздың орташа мөлшері - 8,7 млн теңге. Естеріңізге сала кетейік, өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуі тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулға бағытталады. Бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар Call-орталықтың 8 (7172) 79 64 40 телефонына хабарласа алады. Жеңілдікті автонесиелеу мәселелері бойынша жедел желі:+7 (7172) 796-440

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
«Өкінбеймін»: Жаңбыршин Фостерге айтқан ескертуін сынағандарға жауап берді
Ақтаудағы ұшақ апаты: 28 адам медициналық мекемелерге жеткізілді
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады