АҚШ алғаш рет Газаға гуманитарлық көмек жіберді

АҚШ әскери ұшақтардың көмегімен Газа секторының тұрғындарына әуемен гуманитарлық көмек жеткізу операциясын өткізді. Сыншылардың айтуынша, азық-түлікті парашютпен түсіру амалы жүк көліктерімен жеткізуден гөрі әлдеқайда тиімсіз. АҚШ-қа дейін Газаға басқа елдер әуеден көмек көрсетті, деп хабарлайды KAZINFORM.Үш америкалық C-130 ұшағы БҰҰ мәліметі бойынша, кем дегенде 576 мың адам ашығып жатқан аймаққа 38 мыңнан астам бір кісілік тамақ жеткізді, деп жазды Reuters.Контейнерлер парашютпен түсірілген.Жұма, 1 наурызда АҚШ президенті Джо Байден Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын жариялады.Бейсенбі күні Газа қаласында гуманитарлық жүк көліктерінің маңына жиналған жұртшылықтың ішінде 110-нан астам палестиналық қаза тапты.Газаның ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады, ал Байден ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыста уақытша атысты тоқтатуға қол жеткізу перспективаларына алаңдаушылық білдірді. Израиль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.«Олардың кейбіреулері (палестиналықтар) басқа газалықтарды аяусыз итеріп, тіпті таптап, гуманитарлық жүктерді ұрлай бастады. Осы келеңсіз оқиғаның салдарынан ондаған газалық қаза тауып, жарақат алды», - деді Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Даниэль Хагари.Оның айтуынша, «жағдай израильдік әскерилердің бақылауынан шығып кетті».Бұл – АҚШ-тың Иордания Әуе күштерімен бірге жүргізген парашютпен гуманитарлық көмек түсіру операциясы Байден жариялаған алғашқы шара болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды