АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақтың шасси дөңгелегі сынып қалды

АҚШ-та Жапонияға ұшып бара жатқан ұшақтың шасси дөңгелегі сынып, түсіп қалған. Салдарынан ұшақ ең жақын орналасқан әуежайға шұғыл қонды, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Басылым америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, United Airlines ұшағы Сан-Францискодан Жапонияға бет алған еді, бірақ жайтқа байланысты Лос-Анджелесте шұғыл қонуға мәжбүр болған. Сол кезде Boeing 777-200 бортында 235 жолаушы, 10 стюардесса және 4 ұшқыш болған. "777-200 ұшағында екі негізгі шассидің әрқайсында алты шина бар. Ұшақ бұл шиналар болмағанның я зақымдалғанның өзінде қауіпсіз қона алады", – деп жазады басылым әуе компанияға сілтеме жасап. Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметінің ақпараты бойынша, экипаж шассиге байланысты ақау анықталғанын хабарлаған соң ұшақ өз бағытын қалаға бұрып, әуежайға аман-есен қонған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жоғалған дөңгелек Сан-Франциско әуежайының аумағынан табылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әскер тарланы-2024: Асылбек Қарабай өткен жылдың үздік «жауынгер-спортшысы»
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
«Анама тіл тигізді»: жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірген (ВИДЕО)
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары