Американдықтарды қымбатшылық қысып барады. Соның кесірінен әр 10 адамның біреуі яғни 23 миллион азамат тойып тамақ ішей алмай жүр. Мәселен, Коннектикут штатындағы жағдай тіпті нашар. Мұнда әрбір сегізінші тұрғын қымбатшылық кесірінен қажетті көлемде азық-түлік сатып ала алмайды. Бұл Халық санағы бюросының наурыз айында жасаған сауалнамасының қорытындысы. Оған сай, респонденттер салықтарды, коммуналдық қызметтер мен басқа да қажетті шығындарды төлегеннен кейін азық-түлік сатып алуға ақшасыз қалады екен. Бүкіл ел бойынша 150 мыңнан астам дүкенді қамтитын Датасембли баға индексі бойынша ковид-19 басталғалы бері АҚШ-та азық-түлік 33,5 пайызға қымбаттаған,-деп хабарлайды 24.KZ.