АҚШ-та жасанды интеллектің игілігін теріс пайдаланған

Жасанды интеллектің бақылаусыз дамуы АҚШ мектептерінде булингті күшейтті. Оның ішінде жасанды зерденің көмегімен оқушы қыздардың жалаңаш суретін жасап, әлеуметтік желі арқылы таратудың бірнеше фактісі тіркелді. Арнайы заң бекітпесе, мұндай жағдай көбейе түспек, - дейді мамандар.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Елдің жағасын ұстатқан оқиғаның бірі Нью Джерси штатындағы мына мектепте болған. 14 жасар бірнеше қыздың жалаңаш суреттері снапчат әлеуметтік желісі арқылы тарап кетеді. Тексеріс жалған порнографиялық суретті сыныптас бозбаланың жасанды интеллект қосымшасын пайдаланып жасағанын анықтайды. "Біз бұған қатты ашуландық. Қыздардың көбі жылап та алды. Мұндай сұмдық жағдайға тап боламыз деп кім ойлаған. Жасанды интеллектінің себебінен кез келгеніміз зардап шегуіміз мүмкін",-дейді оқушы Френческо Мани. Жалған суреттер тамыз айында тараған. Бірақ, ол туралы көпшілікке енді ғана мәлім болып отыр. Арада толық екі ай өтсе де бұзақылық жасаған балаға ешқандай шара қолданылмаған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Алайда, зардап шеккен отбасылар оны мектептен шығаруды және жазаға тартуды талап етуде. "Маған мектеп өкілдері хабарласып, бірнеше оқушы қыздың түрлерін пайдалану арқылы жалған жалаңаш суреттер снапчаттағы топтарда таралып жатқанын хабарлады. Алғаш естігенде шок болдым. Енді ешбір ата-ана мұндай жағдайға дайын болмасы анық. Кейін мектептің қарекетсіз отырғанына қарап, көңілім түсті",-дейді ата-ана Дорота Мани. Дәл осындай жағдай Вашингтон штатында да болды. Сиэтл қаласында орта мектепте оқитын қыздардың жаңалаңаш бейнелерін жасаған жасөспірімнің үстінен тергеу басталды. Жалпы, тәуелсіз зерттеушілердің хабарлауынша жыл басынан бері елде 143 мыңнан астам дип фейк видео мен сурет ғаламторға жүктелген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды