АҚШ-тың Миссури штатында өткен жеңімпаздар шеруінде жаппай атыс болды. Канзас-Ситидегі «Супербоул» ұлттық футбол лигасының матчын тойлау үшін миллионнан астам жанкүйер жиналған. Атыс кезінде бір адам қаза тапты. 22 адам жарақаттанды, оның 8-і - бала. Оқтың даусын естігенде көрермендер жан-жаққа қаша жөнелген. Тәртіпсіздікті басуға 600 полиция қызметкері қатысты. Күдікті ретінде 3 адам ұсталды. ШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ: Жаппай оқ атыла бастағанда біз қайда қашарымызды білмедік. Тек жан-жаққа жүгіре бердік. Оқ атып жатқан кім екенін де білмедік. Бір уақытта айқай естілді. Адамдар тіпті бірін-бірі таптап жатты. Қасымызға бір әйел келіп, көз алдында адамға оқ атқанын және оған да көздегінен айтып жылап жатты. Мұның бәрі шынайы болып жатыр ма, әлде түс пе түсіну қиын.