АҚШ-та климаттың өзгеруін зерттеуге арналған жер серігі ұшырылды. Оны ғарышқа «Falcon 9» зымыраны алып шыққан. SPACEX компаниясының хабарлауынша, жер серігі лидар және радар сияқты озық технологиялармен жасақталған. Бұл құралдар бұлттардың жерді жылыту мен суытудағы рөлін зерделейді. Осылайша, алдағы жылдардағы климаттың өзгеруіне нақты болжам жасалмақ. Аталған жер серігі – еуропалық және жапон ғалымдарының бірлескен жобасы. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.