АҚШ-та соңғы бір аптада күн күрт суытып, 61 адам көз жұмды. Бұл туралы Эн-Би-СИ телеарнасы хабарлады,-дейді 24.kz. Әсіресе, Теннесси мен Орегона штатында өлім көрсеткіші көп тіркелген. Онда ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеп, қардың қалыңдығы 15 сантиметрге жеткен. Қазір аймақта көлік қозғалысы шектелді. Тұрғындар бірнеше күннен бері жарықсыз, сусыз отыр.